Түскі формат жаңалықтары:
• Бек эйр ұшағының құлауына себеп болуы мүмкін үшінші нұсқа аталды. Ішкі істер министрі жантүршігерлік жағдай навигациялық қызметтің қателігінен болуы ықтимал дейді.
• 13 млн 255 мың теңге. Сақтандыру компаниясы ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына осыншама қаржы берілетінін хабарлады.
• Қалған өмірін түрмеде өткізетін болды. Қытай соты есірткі контрабандасы үшін істі болған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
• Елорда маңындағы Қараөткел ауылы тұрғындарының қалаға қатынауы жеңілдей түспек. Қоғамдық көлік мәселесі қашан шешілітіні белгілі болды.
• «Сарыарқа» газ құбыры іске қосылды. Құрылысына 267 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған жоба қанша елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ететінін сәлден соң айтамыз.