10 мыңға жуық қазақстандық SKILLS ENBEK платформасы арқылы білім алды

Оқудан өткен 1,5 мың жұмыссыз азаматтың 300-і – негізінен Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары. 

10 мыңға жуық қазақстандық SKILLS ENBEK платформасы арқылы білім алды Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың басынан бері 9,8 мың азамат, оның ішінде 1,4 мыңға жуығы жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқудан өткен 1,5 мың жұмыссыз азаматтың 300-і – негізінен Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 179 курс жариялады, оның 124-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – "Разведение КРС молочного направления", "Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны", "Выращивание клубники от А до Я", "Сүтті ірі қара өсіру", "Управление персоналом" және "Кассир".

2022 жылдың соңында Skills Enbek платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша тегін курстардың мазмұны кеңейтілді: ауыл шаруашылығы, білім беру және тәрбие, ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау саласындағы әртүрлі кәсіптер бойынша кәсіптік дағдыларды дамыту бойынша екі тілде 8 жаңа онлайн курстар жарияланды.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу