Сақтандыру төлеміне кепілдік беру қоры аннуитеттік төлемнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді

1541

Сақтандыру төлеміне кепілдік беру қоры  аннуитеттік төлемнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Халықаралық практиканы ескере отырып заң жобасы қордың жинақтаушы сақтандырудың әлеуметтік маңызды сыныптары бойынша, атап айтқанда зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша аннуитет шарттары бойынша кепілдіктерін енгізуді көздейді. Қор сақтандыру компаниясы таратылған жағдайда аннуитеттік төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз ететін болады.
Бұл жайлы бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов "Ұлттық банк хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді" деген арнайы жоба шеңберінде берген сұхбатында айтып берді.
Ол заң жобасында кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қалыптастырылған активтерді және акционерлердің салымдары есебінен қалыптастырылған активтерді бөлек есепке алу көзделгендігін атап өтті.
Жанат Құрмановтың айтуынша, осы және басқа шаралар кепілдік беру жүйесінің қаржылық орнықтылығын нығайтуға, сақтанушыларды қорғауға, сақтандыру компаниясын мәжбүрлеп тарату кезінде әлеуметтік шиеліністі азайтуға, жалпы алғанда халықтың сақтандыру индустриясына деген сенімін арттыруға бағытталған.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі Қазақстанда 2003 жылдан бастап табысты жұмыс істейді. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жөніндегі жалғыз коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болды. Қазіргі уақытта 22 сақтандыру ұйымы қордың қатысушылары мен акционерлері болып табылады. Сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне көлік құралдары иелерінің, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныптары жатады. Қолданыстағы жүйе әзірше сақтандырудың кепілдік берілген түрлерінің шектеулі тізбесін қамтиды. Кепілдік беру резервтері және қор акционерлерінің меншік қаражаты арасындағы, оның ішінде инвестициялық кірістерді есепке алу кезінде ара-жігін ажырату жоқ" - деп қорытындылады Жанат Құрманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу