Ақмола облысында 45 адамға несие алдырып, қарызға батырған әйел қамауға алынды

386

Тіпті ешбір банк түрлі себеппен несие бермейтін адамның өзіне таныс менеджерлері арқылы несие рәсімдеп беріп отырған.

Ақмола облысында 45 адамға несие алдырып, қарызға батырған әйел қамауға алынды Фото: canva.com

Ақмола облысында 51 жастағы әйел бір жылда 45 адамға банктен миллиондап несие рәсімдеуге көмектесіп, қарызға батырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әйел алынған ақшаның тең жартысын өз қалтасына басқан. Жәбірленушілердің айтуларынша, несие ала алмай жүргендерді әйел өзі тауып алады екен. Тіпті ешбір банк түрлі себеппен несие бермейтін адамның өзіне таныс менеджерлері арқылы несие рәсімдеп беріп отырған.

"Ауру қызым бар, төрт баланың әкесімін. Бес-бес миллионнан төрт банктен 20 миллион алдым. Соның жартысын, 10 миллион 200 мыңын қолына санап берді", – дейді жәбірленушілердің бірі.

Бұланды, Бурабай аудандарының тұрғындары келісіммен алынған қаражаттың 50 пайызын оған санап береді екен. Алғашқыда кредитті жауып отырам деп уәде берген. Бірақ, уақыт өте қарыз төленбей, тіпті оны таба алмай қалған. Күдікті әйел қазір қамауға алынды. Жәбірленушілердің саны күн санап көбейіп келеді.

"Әр адамға рәсімделген несиенің мөлшері 1 миллионнан 13 жарым миллион теңгеге дейін жеткен. Қазір облыстың екі ауданынан 51 жастағы осы әйелге шағым толассыз түсіп жатыр. Несиені әртүрлі банктен таныстары арқылы алып отырған. Күдіктіге алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу