АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Трамптың келуінен өзгермейді – АҚШ елшісі

915

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Трамптың келуінен өзгермейді – АҚШ елшісі

Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен жобаларды іске асыруда өзара ұзақмерзімдік мүддесі бар, деп мәлім етті Қазақстандағы АҚШ елшісі Жорж Крол "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне берген сұхбатында.

 "Американың аймақтардағы, ондағы әр ел бойынша саясатында көп нәрсе өзгереді деп ойламаймын", – деді Жорж Крол.

Қазақстан Құрама Штаттардың стратегиялық серіктесі болып қала береді, деп атап өтті елші. "Қазақстанға АҚШ инвестициясының үлкен көлемі, атап айтқанда энергетика саласына әкелінді. Сондай-ақ, осыған дейін айтқанымдай,  Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеп жатқан көптеген мәселелер бар. Бұл – тек аймақтағы ғана емес, жалпы әлемдегі экстремизм мен радикализм, ядролық қаруды таратпау мәселесі", – деді елші.

"Меніңше барлық салада: экономикалық байланыстарда, қауіпсіздік мәселесінде, саяси және мәдени қарым-қатынастарда ынтымақтастық одан әрі жалғасады. Бұл – ұзақмерзімдік жобалар, онда мүддеміз ортақ, сондықтан  әкімшілік ауысқаннан бірдеңе өзгереді деп ойлаймын. Бұл – ұзақмерзімдік жобалар, онда ұзақмерзімдік мүдделеспіз, сондықтан  әкімшілік ауысқаннан бірдеңе өзгереді деп ойлаймын. Біз тұрақтылыққа, аймақтың экономикалық дамуында  мүддеспіз", – деп түйіндеді Жорж Крол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу