Ақтауда 30 өлі аққу табылды

352

Өлген құстардың денелерінен сынамалар жасалды.

Ақтауда 30 өлі аққу табылды Фото: Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы

"Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары Ақтау іргесіндегі Қаракөл көлі аумағынан 30 дана өлген сыбырлақ аққудың денелерін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі таңда құстардың өліміне байланысты тиісті ветеринарлық шараларды алу үшін өлген құстардың денелерінен сынамалар жасалды. Алдымен Ақтау қалалық ветеринарлық станция мамандары зерттеу жүргізді.

 "Алматы қаласындағы Микробиология және вирусология өндірістік орталығы" ЖШС-нің вирустар экологиясы зертханасынан қызметкерлер келіп, тиісті зертханалық жұмыстарын жүргізуде. Сараптама қорытындысы шыққан соң аққулардың өлу себебі белгілі болады",– дейді Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу