Ақтауда алқабилер есірткі сатты деп айыпталған полковниктің ұлын ақтап шықты

293

Сотталушы 2023 жылдың 8 қарашасында ұсталған. 

Ақтауда алқабилер есірткі сатты деп айыпталған полковниктің ұлын ақтап шықты Фото: freepik

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2023 жылдың қазан-қараша айларында Ақтауда Telegram мессенджері арқылы  "старший" деген бүркеншік психотроптық заттарды таратпақ болған. Сату және оларды "есірткі көмбесін" орналастыру арқылы электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сотталушы 2023 жылдың 8 қарашасында ұсталған. Тінту кезінде сотталушының рюкзактарынан "мефедрон" және ішінде "&-ПВП" психотроптық заты бар пергамент қағазы, жабық құлпы бар екі полимерлі қапшық табылып тәркіленген. Оның жанында екі электронды таразы, металл қасық, таспа, электр таспасы және фольга болған.

Сотталушыны мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген еді. Алайда 15 мамырда алқабилер жасырын дауыс беріп, сотталушыны қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп таныған. Прокуратура бұл сот актісіне шағым жасалып, қайта қаралатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу