Ақтауда құтқарушылар өрт шыққан пәтерден баланы аман алып шықты

485

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Ақтауда құтқарушылар өрт шыққан пәтерден баланы аман алып шықты Фото: Liter.kz

Ақтауда жеті қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама 10 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:06-де келіп түсті. 

"Өрт орнына жеткен құтқарушылар пәтердің жатын бөлмесінде жиһаз жанып жатқанын анықтады. Пәтердің жалпы ауданы 50 шаршы метр, өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар пәтерден 2017 жылы туған баланы қауіпсіз жерге шығарып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сағат 00:41-те сөндірілді", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеке құрамнан 11 қызметкер, 4 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу