Ақтөбе облысының бас экологы сотталды

728

Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысының бас экологы сотталды

"Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 12 млн теңге айыппұл төлейді", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Айта кетейік, Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған. Ол параны қамқорлық көрсету үшін алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу