Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны ішімдіккке сылқия тойып, өзін дөрекі ұстап, экипаждың талаптарын орындамаған, оған қоса авиакомпания қызметкерлерін балағаттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тіпті полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 3 бірдей бабымен яғни, қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Жолаушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға және әуекомпания қызметкерлерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындауға міндетті.