Алакөл жағалауындағы "Айгерім" базасында өрт шықты

1403

 Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілеc база өртеніп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алакөл жағалауындағы "Айгерім" базасында өрт шықты

4 шілдеде 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілеc база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1000-нан аса  шаршы метр. Ғимаратпен қоса құрғақ шөп жанған.

Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік өкілдері пен тұрғындар жұмылған. Өрт себептері және басқа да ақпарат анықталуда.

Белгілі болғандай өрт "Айгерім" базасынан шығып "Керуен" базанда өткен.

Демалушылар өз күшімен демалыс үйлерінен кетіп жатыр. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды өз бақылауына алды.

Сонымен қатар өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника және Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника қосымша жіберілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу