Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды

426

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 69% жедел жәрдем көлігі тозған.

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін Алматыда 55 жаңа жедел жәрдем көлігі салтанатты түрде табысталды. Жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынған жаңа медициналық көлік дефибриллятор, электрокардиограф, жасанды тыныс алу аппараты сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған санитарлық автокөліктердің кілтін табыс етті.

Барлық машина аудандық қосалқы станцияға таратылады, бұл медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын арттырады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 69% жедел жәрдем көлігі тозған.

Сатып алынған жаңа көлікті ескерсек, бүгінде тозу деңгейі 46%. Биыл тағы 48 автокөлік сатып алу жоспарланған. Әкімдік жедел жәрдем қызметін дамыту, оның ішінде жаңа қосалқы станцияларды жаңғырту және салу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу