Алматыда арық бойымен белгісіз көк түсті сұйықтық аққан

116

Алматы қалалық экология және қоршаған орта департаментінің өкілдері оқиға орнына көп ұзамай барған.

Алматыда арық бойымен белгісіз көк түсті сұйықтық аққан Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Розыбакиев көшесіндегі арықтың бойымен аққан белгісіз көк түсті сұйықтықтың видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Алматы қалалық экология және қоршаған орта департаментінің өкілдері оқиға орнына көп ұзамай барған. Алайда, ол кезде арықта ешқандай көк су болмаған.

"Жергілікті тұрғындардың айтуынша, белгісіз сұйықтық арық желісімен сағат 10:00 шамасында Розыбакие көшесінің Төле би мен Райымбек батыр даңғылы арасында аққан. Қазір ешқандай су ағып жатқан жоқ. Алдағы уақыта қалалық экология және қоршаған орта департаментінің мамандары Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп мәселенің мән-жайын анықтайтын болады", - деп хабарлады Экология және қоршаған орта департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу