Алматыда теміржол маңындағы электр желілері өртенді

679

Орын алған жағдай салдары пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен жоқ.

Алматыда теміржол маңындағы электр желілері өртенді

Алматыда теміржол маңында орналасқан электр желілер өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Мұны өтіп бара жатқан қала тұрғындары байқап, камераға түсіріп, желіге жүктеген. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация<\/a>

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ақпаратқа сүйенсек 6 қазан сағат 07:50-де Алматы-1 – Алматы-2 теміржол вокзалдары аралығында теміржолға жақын орналасқан нысандарды электрмен қамтамасыз етуге арналған желілерге ағаш бұтағы құлаған. 

"Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері оқиға орнын жедел түрде токтан ажыратылып, желілерден ағаш бұтағы алынды. Кейін электр энергиясы қайта берілді. Аталған мәселеге байланысты пойыздар кешіккен, кестеден ауытқыған жоқ",- деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу