Антальяда қазақстандық журналист қызымен бірге жол апатынан қаза тапты

2466

Жолдасы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Антальяда қазақстандық журналист қызымен бірге жол апатынан қаза тапты Фото: Facebook

Түркияның Анталья қаласында қазақстандық журналист Арайлым Бағытжан жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальяда ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиыен жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, деп жазды Жасұлан Бисембиев. 

Оның айтуынша, жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу