"Аса қауіпті": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

460

Төтенше жағдайлар министрлігі ел аймақтарында шілденің аптап ыстығында өрт қаупінің туындауына байланысты ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аса қауіпті": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады Фото: ТЖМ

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

"Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері – халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары. От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті", – деп ескертті ведомство қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу