Астанада жаңа ауданның шекарасы бекітілді

768

Астанада жаңадан құрылған "Нұра" ауданының шекарасы бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Астанада жаңа ауданның шекарасы бекітілді Фото: turkystan.kz

19 336 гектар болатын "Нұра" ауданының шекарасы келесідей белгіленді:

Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тасжолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін.

Айта кетейік, жаңа ауданға "Нұра" атауын беру ұсынысы Астананың ономастика комиссиясының отырысында, Астана мәслихатының қоғамдық тыңдауларында, Астана қоғамдық кеңесінің отырысында және өзге де инстанцияларда қаралып, қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу