Астықты контейнерде тасымалдау көлемі өсіп келеді

650

2022 жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда астықты контейнерлерде тасымалдау көлемінің екі есеге ұлғаюы (45 мың тонна) байқалды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметінен.

Астықты контейнерде тасымалдау көлемі өсіп келеді

2021 жылдың қорытындысы бойынша контейнерлермен астық жүктерін тасымалдау көлемі 174 мың тонна болды. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен (44 мың тонна) 4 есеге артық.

Қазақстандық астық контейнерге қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, әртүрлі сусымалы және ұсақ өлшеп оралған жүктерді тасымалдауға және сақтауға арналған "Биг Бэг" қаптарында тиеледі.

Контейнерлік пойыздар қазақстандық Қостанай, Жеті-Су, Боралдай, Жаңа-Есіл станцияларында құрылады. Одан әрі Достық шекаралық өткелі арқылы жүктер Қытайдың Үрімші, Чунцин, Алашаңқай қалалары бағытында, сондай-ақ Қазақстанның Ақтау теңіз порты арқылы Түркияның Мерсин қаласы бағытында тасылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу