Атырау облысында азық-түлік бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды

1090

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Атырау облысында азық-түлік бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды Фото: inbusiness.kz

"А" ЖК "Б" ЖК-ден көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), қант, қарақұмық, тұзды төмендетілген бағамен сатып алып, "Ю" ЖШС-не екі есе қымбатқа сатқаны анықталды. Осыған орай мамандар қолданыстағы заңнама талабына сәйкес шаралар қабылдады.

Айта кетсек, бүгінгі таңда комиссияның жүйелі жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген тоғыз кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қант өнімдеріне 41% үстеме баға қосып, қарақұмық жармасын екі есе қымбатқа үлкен көлемде сатқан.

Комиссия мүшелерінің шешімімен Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне алдағы уақытта бағаны тұрақтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

 "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу