Жұрт су тасқынымен алысып жатса, ал біреулер бөгетке арналған қаптарды ұрлап жүр

4807

Бұл туралы 19 сәуірде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді. 

Жұрт су тасқынымен алысып жатса, ал біреулер бөгетке арналған қаптарды ұрлап жүр Фото: primeminister.kz

Жедел штабтың хабарлауы бойынша, 18 сәуір сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"42, 32, 37, 38 жастағы төрт ер адам мен 34 жастағы әйел алдын ала ақылдасып, құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған", - делінген хабарламада.

Олардың үстінен ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу