Атырауда ҚТЖ филиалының директоры қамауға алынды

634

Ол алаяқтық және сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz azh.kz.-ке сілтеме жасап.

Атырауда ҚТЖ филиалының директоры қамауға алынды Фото: azh.kz

"Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді", – деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу