Атырауда масаға ескерткіш қойылуы мүмкін

1668

Идея иелері балық пен мұнай секілді оның да өңірдің символы екенін айтады.

Атырауда масаға ескерткіш қойылуы мүмкін

Атырауда масаға ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің компания ретро-саябақтың аумағын сенімгерлік басқаруға алды. 900 шаршы метр ауданның 700 шаршы метрін алып жатқан гүлзарлар қалпына келтірілді. Субұрқақтың біреуі іске қосылды, жуырда екіншісі де істейтін болады. Сосын жақында ретро-саябақта Атыраудың масасына ескерткіш қойылуы мүмкін. Балық пен мұнай секілді ол да біздің өлкенің символы", – дейді саябақты сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысы Татьяна Тегай.

Оның айтуынша, серіктестік саябақты өз қаражаты есебінен басқарады. Осы арқылы қаланы абаттандыруға үлес қоспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу