Ауғанстанда 40-қа жуық адам аяздан қаза тапты

234

Ауғанстанның кейбір аудандарында өткен жексенбіден бастап жаңбыр мен қар жауып жатыр.

Ауғанстанда 40-қа жуық адам аяздан қаза тапты Фото: Russian.News.Cn

Осы қыста Ауғанстанда аяз бен қардан қаза тапқандар саны 39-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуаға сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбіде ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасының өкілі Мулла Джанан Саик мәлімдеді.

"Біздің отандастарымыздың 39-ға жуығы қаза тапты, тағы 30-ы жаңбыр, қар және суық ауа райынан зардап шекті. Сонымен қатар 637 үй қирап, 13 889 ірі қара аяз салдарынан қырылған", - деді Джанан Саик.

Ол билік көмек көрсетуге барынша күш салатынын, соның ішінде зардап шеккен отбасыларға азық-түлік және одан әрі шығындардың алдын алу үшін мал азығын беретінін атап өтті.

Ауғанстанның кейбір аудандарында өткен жексенбіден бастап жаңбыр мен қар жауып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу