Ауғанстанның бұрынғы президенті өз елін $110 млн долларға сатқан

771

Катар Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғаниге елді "Талибан" қозғалысына қарсылықсыз тапсыру үшін 110 миллион доллардан астам ақша төледі.

Ауғанстанның бұрынғы президенті өз елін $110 млн долларға сатқан Фото: www.khaama.com

Бұл туралы khaama.com итальяндық TG1 жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Сайтта бұл ақшаны Ашраф Ғанидің арнайы өкілі, Ауғанстан орталық банкінің бұрынғы басшысы Аджмал Ахмадидің Катар өкілі Мутлак Әл-Кахтаниден 2021 жылдың 7 шілдесінде алғаны туралы құжат жарияланды. Онда 110 478 000 доллар сомасы көрсетілген.

Агенттік Катар Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған мәліметтерге сілтеме жасайды, оған сәйкес Кахтани мырза сол күні Кабулда Президент сарайында Ашраф Ғанимен кездескен.

Хатта сондай-ақ бұл ақшаның бұрынғы Ауған Президентіне нақты не үшін берілгені және оны алғаннан кейін бес күн өткен соң оның елден қашып, Талибан Кабулға кіргені туралы айтылады.

Тергеу жүргізген итальяндық журналист Филиппо Росси материалда көрсетілген тұжырымдар құжаттарды зерттеу мен "шынайы ақпарат бере алатын адамдармен" байланыса отырып жасалады деп мәлімдейді. Оның айтуынша, Ашраф Ғани 2 тамызда ел парламентінде сөйлеген сөзінде Ауғанстан халқын Талибанмен күресуге шақырды, бұл уақытта ауған әскері провинцияларды бірінен соң бірін ұрыссыз тәліптерге тапсырып жатты, өйткені ауған қауіпсіздік күштері Кабулдан қарсылық көрсетпеуге және шегінуге бұйрық алды.

Мұны Ауғанстанның кейбір бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерлері де растап отыр. Олар сондай-ақ Кабулдан соғыспау туралы бұйрық шыққанын алға тартады. Атап айтқанда, елдің ішкі істер және Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал Мұрат Әли Мұрат БАҚ-қа берген сұхбатында Ауғанстан ұлттық армиясы әскери тұрғыдан жақсы дайындалған, толығымен жабдықталған деп мәлімдеді. Алайда, жаһандық қастандықтың салдарынан Үкімет құлдырап, Талибан жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу