Бәйтерек Bereke bank-ті сату үшін инвестор іздеуге кірісті

435

8 наурызда банк АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығарылды.  

Бәйтерек Bereke bank-ті сату үшін инвестор іздеуге кірісті Фото: kapital.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Atameken Business-тің Bereke bank қашан және кімге сатылатыны туралы сұрағына жауап бере отырып, әзірге сатып алушы анықталмағанын айтты.

"Bereke Bank бойынша - біз оны 8 наурызда SDN (қара тізім) парақшасынан шығардық. Қазір оның көрсеткіштері жақсы, капиталдың жеткіліктілігі - 10 %. Банктің жоғары сапалы несие портфелі бар. Енді банктің акционері болып табылатын Бәйтерек Bereke Bank акцияларын сату үшін инвестор іздестіру жұмыстарын бастайды", - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу