Балқаш көлінде екі браконьер ұсталды

440

Қарағанды облысының полицейлері Балқаш көліндегі рейдтік іс-шаралар кешенін жүргізу барысында екі браконьерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Балқаш көлінде екі браконьер ұсталды Фото: polisia.kz

20 қаңтарда табиғатты қорғау полициясы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен, Қарағанды облысы ПД, Балқаш қаласы ПБ арнайы қызметтерінің жауынгерлерімен және Балқаш балық инспекциясының мамандарымен бірлесіп, көл жағасында екі балықшыны ұстады. Балықшылардың әрқайсысында балық сөмкелері мен тыйым салынған құралдары болған.

Жамбыл облысының 34 жастағы тұрғынынан 57 келіге жуық түрлі балық және 300 метр тыйым салынған балық аулау торы, 31 жастағы жергілікті тұрғыннан 78 келіден астам балық және 200 метр тор тәркіленді. Жануарлар әлеміне келтірілген залал сомасы 739 мың теңгені құрады.

Заңсыз балық аулау фактілері бойынша ҚР ҚК 335-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу