Банкте кепілдікте тұрған ғимарат пен бос жатқан жер бизнес үшін пайдаланылмақ

1257

 Банкте кепілдікте тұрған ғимарат пен бос жатқан жер бизнес үшін пайдаланылмақ

Алматының Медеу ауданында 200 бизнесмен бас қосты. Кездесуге екінші деңгейлі банктердің де өкілдері келді. Мақсат-аудандағы банкте кепілдікте тұрған ғимараттар мен бос жатқан жерлерді  бизнес үшін пайдалануды ұсыну. Қаржы құрылымдары қазір қаңырап тұрған нысандарды қалталыларға жылына 10 пайыздық үстемемен бермек. Тіпті, 24 айға пайызсыз  бөліп беруге де келісіп отыр, деп хабарлайды almaty.tv.

"Ауданда кәсіпке қарастырылған 133  бос  жер телімі бар. Оған  банкте кепілдікте тұрған 253 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратты қосыңыз. Жер телімі тұрғын үй салуға Достық пен Әл-Фараби даңғылынан бойынан бар. Біз барлық ұсыныстарды жеке-жеке қарастырамыз",- деді екінші деңгейлі банктің департамент директоры, Қайсар Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу