Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған

250

Оның 21 жағдайы қаңтар айында, бесеуі ақпанда тіркелді. 

Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған

Дертке шалдыққандардың сегізі аяғы ауыр әйел, тоғызы бала.

Көбі ауруханаға жатып, ем алған. Облыста қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз дейді мамандар. Бүгінге дейін 255 адам ауру жұқтырған.

Жұқтырғандардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Аймақта ауру ошағы тіркелген алты мектеп пен үш балабақша анықталып, 21 күн ішінде байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды.

"Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным беріледі." , - деді Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу