Батыс Қазақстандағы құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр?

469

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасын тапты. 

Батыс Қазақстандағы құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр? Фото: gov.kz

ҚР ТЖМ хабарлағандай, Сырым мен Теректі аудандарында су басқан 6 үйден су толығымен сорылып, эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғынын өз үйлеріне қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz.

Қалған эвакуацияланған 33 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 206 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 280-ден астам мал басы қауіпсіз жерлерге айдалды.

"Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде 340 мың текше метр су сорылды, арнайы материалдар салынған 25 мыңнан астам қап төселді", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте 70-тен астам құтқарушы Маштаково ауылының 80-ге жуық тұрғынын алдын ала эвакуациялауға жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 54 үйдің аумағында су сору және су бұру каналдарын төсеу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Атырау мен Маңғыстау облыстарынан қосымша жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдары, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамнан 1000-ға жуық адам, инженерлік техниканы, мотопомпаларды, жүзу құралдарын, тікұшақты қоса алғанда 400-ден астам бірлік техника қатысуда.

Сонымен қатар, "Жедел желі" байланыс телефоны жұмыс істейді, оған барлығы 189 қоңырау түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу