БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам қайтыс болды

560

Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам қайтыс болды Фото: stan.kz

Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.

"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады" деп хабарлады комитет.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі - экипаж мүшелері, бірі - "ҚазТрансОйл" АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ТЖМ-ге қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлері..

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу