БҚО-ның бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды

508

Аймақта күн жылынуына байланысты, қар суы еріп жатыр. 

БҚО-ның бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: zakon.kz

Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды. Оралда сегіз үй қызыл су астында қалса, 10 шақты нысанның жертөлесін су басқан. Елдімекендерде  жағдай тіпті күрделене түсті.

Деркөл мен Чижа-2 өзендерінде су деңгейі қауіпті шекке жеткен. Өңірдегі Шідерті, Өлеңті және Шаған өзендері де арнасынан тасып жатыр. Абырой болғанда қаза тапқандар мен мал шығын жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу