Cот шешімі: Танымал блогер ұлының көзіне ота жасаған дәрігерге айыппұл төлейді

698

Блогер Айдын Тоқсанбаева өзін ұлына ота жасаған дәрігер сотқа беріп, Алматы облысы Қарасай аудандық соты үкім шығарғанын хабарлады.      

Cот шешімі: Танымал блогер ұлының көзіне ота жасаған дәрігерге айыппұл төлейді Фото: facebook/Aidyn Toxanbayeva

Оның айтуынша, сот блогерді "дәрігердің ар-намысына" тиді деген үкім оқыған. Мұнымен қоймай төрт баланың анасына жарты миллионнан асатын айыппұл арқалатқан, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін сіздерге жаңалық айтайын. Мен ұлымның оң көзіне жасалуы керек болған отаны сол көзіне жасаған дәрігерді сотқа берген едім. Бірақ, сот істі жауып, қарамады. Жарайды. Біраз уақыттан кейін, дәрігер мені "Шу шығарып, байбалам салды. Ар-намысыма тиді" - деп сотқа арыз жазыпты.

"Енді қараңыз, мен бар дәлелмен оң көзі сол көзге шатастырған қағаздарды алып бардым. Сот істі жапты. Соңында дәрігер жәбірленуші болып, бүгін Қарасай аудандық соты үкім оқыды. Дәрігер үш миллион моральдық шығын сұрапты. Оның өтінішін 100 мың деп қарап, тағы заңгерлер шығыны, басқасын қосып мені "600 мың теңге төлеуге міндетті" деген үкім оқылды. Мен ақшаға емес әділетсіздікке жылап отырмын. Мен елден нем артық деп сол мемлекеттік ауруханада тұңғышыма ота жасатып едім. Әйтпесе шетелге барып келіп, жұмыс істеп жүрмін. Сол ұлдың оқуының өзіне 6-7 миллион төлеп жатырмын.

Кез-келген ақылы емхананың отасына ақшамды аямаушы едім. Тек сол ота болған күнгі жағдайымды ешқандай ана басынан өткізбесе екен деген ниетте шу шығардым. Оны мен жасай аламын. Баланың өмірі бәрінен қымбат. Мына соттың үкіміне айтар сөзім жоқ. Мен бәрінен көңілім қалды. Менің елім осындай болғанына қиналамын", - деді Айдын Тоқсанбаева.

Айта кетейік, Айдын Тоқсанбаева өткен жылдың күзінде ұлының көзіне ота жасатқан еді. Дәрігер оң көзге жасалуы керек отаны, баланың сол көзіне жасаған. Кейіннен блогердің сөзінше, дәрігер шатасқанын мойындаған. Ешқандай кері салдары болмайтынын айтып ақталған.

Баланың анасы алғашқы сәтте қорқыныштан, басқалар осындай жағдайға түсіп қалмасын деп бүкіл желіні шулатты. Дәрігерді сотқа берген болатын, бірақ іс қарауға лайықсыз деп танылып, жабылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу