Дауыс беру күні қанша құқық бұзушылық тіркелді?

791

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың сөзінше, сайлау күні тыныш өткеніне қарамастан, бұзушылықтар тіркелген.  

Дауыс беру күні қанша құқық бұзушылық тіркелді? Фото: altaynews.kz

Бұл туралы ол ОСК отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Сайлау күнінің өзі тыныш өтті және дауыс беру тиімді ұйымдастырылды. Мұны сайлау процесіне қатысушылардың көпшілігі – отандық және халықаралық байқаушылар атап көрсетті. Дауыс беру күні сайлау заңнамасын сақтау шеңберінде учаскелік сайлау комиссиялары тиісті құқықтық жауапкершілік шараларын қолданды. Осылайша заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімдерімен олардың жұмысына қатысудан 19 мүшесі дереу шеттетілді. Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқықтық бұзушылықтар тіркелді. Оның ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Алайда осы іс-әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижелеріне әсер етпеді", - деп атап өтті спикер.

ОСК төрағасының сөзінше, прокуратура органдары сайлау алды үгітті жүргізу тәртібін бұзу жағдайларын да тіркеген.

"Дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу дәстүрі және тағы да басқа кемшіліктер әлі де жойылған жоқ. Бұдан бөлек прокуратура органдары сайлау алды үгітті жүргізу тәртібі мен шарттарының бұзылуы жағдайларын тіркеді. Мәселен, Орталық сайлау комиссиясына Бас прокурор Парламент Мәжілісінің депутаттығына кейбір кандидаттардың "Сайлау туралы" заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазалау шараларына тартылуына байланысты 9 ұсыным енгізген болатын", - деді ОСК төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу