Депутаттар Асхат Нұсқабайдың отбасына көңіл айтты

1012

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысының орынбасары – ҚР Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабай дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар Асхат Нұсқабайдың отбасына көңіл айтты

"Өз атымнан және Мәжіліс депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары – ҚР Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. 

Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғызстан, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынасын нығайтуға зор үлес қосты. Ол ҚР Парламентінің уәкілетті өкілі – ТМД ПАА кеңесі бас хатшысының орынбасары қызметін атқара отырып, ТМД елдерінің парламентарийлері арасындағы тиімді ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Асхат Нұсқабай Қазақстанның шынайы патриоты, ақкөңіл, қайырымды адам ретінде оны білетін және онымен бірге жұмыс істеген барлық адамның жүрегінде мәңгі сақталады", - деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, Асхат Нұсқабай Қазақстанның СІМ жүйесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істеген. 2017 жылғы қазанда ол 

ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары – ҚР Парламентінің уәкілетті өкілі қызметіне тағайындалған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу