Димаш Құдайберген су тасқынымен күресуде Қазақстанға көмек жіберіп жатқан шет елдегі жанкүйерлеріне алғысын білдірді

201

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы алғыс айтқан бейнежазбасын Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайберген су тасқынымен күресуде Қазақстанға көмек жіберіп жатқан шет елдегі жанкүйерлеріне алғысын білдірді Фото: Бейнеден

"Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар! 

Менің әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын тыңдаушыларым Қазақ елі үшін қиын кезеңде гуманитарлық көмек жіберіп жатқандығы туралы ақпарат алдым. Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді ол бейнежазбада.

Айта кетейік, бейнежазба астында Димаштың шет елдегі жанкүйерлері қолдау пікірлерін білдіріп, ыстық лебіздерін қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу