Елімізде кедейлік шегінің мөлшері өзгереді – бұйрық жобасы

408

Құжат жобасы 15 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылды.  

Елімізде кедейлік шегінің мөлшері өзгереді – бұйрық жобасы Фото: egemen.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына сәйкес, Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшерін есептеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде айқындалады.                                                                                                                                                                            

Еліміздегі  кедейлік шегі 2017 жылдың 1 қазанынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде есептелсе, бұл көрсеткіш 2018 жылғы 1 қаңтардан 50 пайызға, ал 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 70 пайызға көтерілген болатын.                                                           Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлеуметтік кодекс жобасына сәйкес, 2025 жылдан бастап көрсеткішті қайтадан 50 пайызға түсіруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу