Елорда "Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді

545

Алтай Көлгінов ұйымның тең төрағасы болып сайланды.

Елорда "Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді Фото: gov.kz

Астана "Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Алдымен "Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" Дүниежүзілік кеңесінің ("United Cities and Local Governments") отырысы өтті. Мұнда бұл ұсыныс қолдау тауып, қала әкімі Алтай Көлгінов ұйымның тең төрағасы болып сайланған.

Ақпаратта көрсетілгендей, дүниежүзілік ұйымға қатысу қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді көтеруге және оларды кешенді шешу ісіне жәрдемдесуге, қалалардың әлеуетін таныстыруға, қалаға қосымша инвестициялар тартуға және т.б. мүмкіндік береді.

"Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" дүниежүзілік ұйымы 2004 жылы құрылған. Бұл муниципалитеттердің, мегаполистердің, аймақтардың, олардың бірлестіктерінің ғаламдық желісі. Оған БҰҰ-ның 140 елінен 240 000 муниципалитет, аймақтар мен мегаполистер кіреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу