"Газпром" Қазақстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды

Компанияның баспасөз қызметіне осындай ақпарат таратты. 

"Газпром" Қазақстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды Фото: iXBT.com

 "Газпром" Қазақстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ресейлік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер мен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың кездесуінде қол қойылды.

"Тараптар ынтымақтастық болашағын талқылады. Кездесуде Алексей Миллер мен Роман Скляр газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды", – деп жазады ресейлік компания таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ішкі тұтыну мен Қытайға экспорттық міндеттемелердің өсуін ескере отырып, ресейлік газ тасымалын ұлғайту мүмкіндігін талқылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу