ГФР Әділет министрі: Путин Германияға келсе, қамауға алынады

504

Бұл туралы Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Германияның Әділет министрі Марко Бушман айтты, деп жазады inbusiness.kz DW порталына сілтеме жасап.

ГФР Әділет министрі: Путин Германияға келсе, қамауға алынады Фото: unianne

"Халықаралық қылмыстық сот Интерполға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерге тез арада жүгініп, олардан қамауға алу туралы ордердің орындалуын сұрайды деп күтемін. Путин еліміздің аумағына кірген жағдайда, Германия оны тұтқындап, Халықаралық қылмыстық сотқа беруге міндетті болады", - деді министр.

Поталдың мәліметінше, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына бағынатын барлық ел, соның ішінде ГФР де оның қаулысына сай әрекет етуі тиіс.

Еске салайық, Гаагадағы халықаралық сот Ресей Президенті Владимир Путинді, сондай-ақ ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы тұтқынға алуға ордер берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу