Грэпплингтен әлем чемпионатына 200-ден аса қазақстандық спортшы қатысады

631

Байрақты бәсекеге 20 елден 800-ге жуық жекпе-жек шебері келді.

Грэпплингтен әлем чемпионатына 200-ден аса қазақстандық спортшы қатысады

Грэпплингтен Астанада өтетін әлем чемпионатына 200-ден аса қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл өзіндік рекорд болып саналады. Байрақты бәсекеге 20 елден 800-ге жуық жекпе-жек шебері келді. Қазір спортшылар елордада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Чемпионат ертең басталады және 4 күнге созылады. Ұлттық құрама спортшылары республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жасақталды.

Ал ерлер командасы жуырда өткен "Қазақ батыры" бәсекесінде іріктеліп алынды. Қазақстан әлемдік додада жалпыкомандалық бірінші орынды алуды көздеп отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу