Гватемалада Фуэго жанартауы атқылады

435

Фуэго жанартауы атқылауынан күл мен газ 6 шақырымнан астам биіктікке көтеріліп,  шығыс және батыс беткейлерде лава аға бастады.  

Гватемалада Фуэго жанартауы атқылады Фото: Известия

Гватемаланың Ұлттық Төтенше жағдайлар қызметі Conred Фуэго жанартауының атқылауына байланысты Чимальтенанго департаментіндегі Сан-Педро-Йепокапа муниципалитетінің тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"CONRED Атқарушы хатшылығы Сан-Педро-Йепокапа муниципалитетінде, Чимальтенангода, Панимаче I мен II, Эль Порвенир мен Морелия ауылдарында профилактикалық эвакуацияларды жүзеге асыруда апаттар қаупін басқарудың муниципалдық үйлестірушілеріне көмектесетінін жеткізді",-делінген CONRED Twitter блогында.

Қауіпті аймақтардан эвакуацияланған азаматтарды орналастыру үшін билік 900-ге жуық отбасы қабылдайтын екі ірі уақытша баспана дайындады.

CONRED бюллетеніне сәйкес, Фуэго жанартауы атқылауынан күл мен газ 6 шақырымнан астам биіктікке көтеріліп,  шығыс және батыс беткейлерде лаваның ағуына әкелді.

Орталық Америкадағы ең белсенді Фуэго жанартауы Гватемала астанасынан батысқа қарай 45 шақырым жерде — Эскуинтла, Сакатепекес пен Чимальтенанго департаменттері арасында орналасқан. Жанартаудың биіктігі теңіз деңгейінен 3763 метр биіктікте. 2018 жылдың маусымында жанартаудың қатты атқылауынан елдің шамамен 16,6 миллион тұрғынының 1,7 миллионына зардап шекті. Ал құрбандар саны 190 адамға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу