Иран 3 жылдан кейін ЕАЭО-ның мүшесі болуы мүмкін

2344

Иран үш жылдан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болуы мүмкін.

Иран 3 жылдан кейін ЕАЭО-ның мүшесі болуы мүмкін

Бұл жайында Ислам Республикасының энергетика министрі Реза Ардаканян мәлімдеді. Айтуынша, өткен жылы мамырда "еркін сауда аймағына" қатысты уақытша жасалған келісім, осы айдың аяғында күшіне енбек. Мәмілеге сәйкес атаулы 840 тауарға тарифтік жеңілдіктер қарастырылған. Тіпті, Иран 70 затын экспортқа ешқандай төлемсіз шығара алады. Одақ елдеріне тауарлар Армения, Ресей және Қазақстан шекарасы арқылы жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу