Кәмелетке толмаған есірткі қойып кетуші ұсталды

811

Өскемен көшелерінің бірінде аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтаған деген күдікпен 17 жастағы студент қолға түсті. 

Кәмелетке толмаған есірткі қойып кетуші ұсталды Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары дереу тінту жүргізу кезінде жас жігіттің сырт киімі мен шалбарының қалтасынан спецификалық иісі бар, ақ түсті ұнтақ оралған 20 ораманы тауып, тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 21,65 грамм болатын Альфа-ПВП психотроптық заты болып табылады, ал бұл – 70 реттік дозаны құрайды.

Ұсталған адам екі айдан артық уақыт бұрын қойып кетуші болып жұмысқа орналасқаны, “жұмыс” туралы әлеуметтік желілерден білгені туралы түсініктеме берді. Ол жұмыс ақысын биткоин-әмиян арқылы алған. Студент "тауарды" қаланың шетінен тауып отырған, бұл жағдайда ол жетекшісі көрсеткен жерден есірткі толтырылған 20 пакетті алып, оны дереу жасырын жерлерге қоюға тиіс болатын.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепілгерлігіне берілді.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу