Қарағандыда "Қазпоштаның" алғашқы сандық кеңсесі ашылды

742

Қарағандыда "Қазпоштаның" алғашқы сандық кеңсесі ашылды

Қарағанды "Қазпоштаның" алғашқы сандық кеңсесі жұмыс істей бастады. Барлық жеңіл жұмыстарды техника жасайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа кеңсе "Гүлдер-1" шағынауданында орналасқан. Бөлімшеге келушілерді Қуаныш атты робот қарсы алады. Ол адамның бет-әлпетін танып, "Қазпошта" жұмысына қатысты сұрақтарға жауап береді, сонымен қатар ол "бес" бере алады, билейді және әзіл айта алады. Бөлімшеде сондай-ақ Сәуле атты сандық кеңесші, ақшаны қабылдай және бере алатын, жәнеде үш минутта ғаламтор арқылы сауда жасауға арналған картаны беретін гибридті банкомат бар.

Сандық бөлімшенің ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Аймақ басшысына жаңа техника таныстырылды, техника жұмысының жылдамдығын тексеру үшін гибридті банкоматтың көмегімен оған төлем картасы жасалды.

Келушілер постаматтарды пайдаланып, "электронды кассир" жүйесі қызметін ала алады.

"Электронды кассир" өте ыңғайлы, мысалға, бизнесмендер үшін. Кешкілік олардың көбісінде ірі сомада ақша болады. Сондықтан не инкассацияны шақыруға, не болмаса ақшаның үйге алып кетуге тура келеді, бұл өте қауіпті. Ал біз ақшаны бір түнге "электронды кассирге" тастап кетуді ұсынамыз. Ол тәулігіне 100 миллион теңгеге дейін қабылдай алады, бұл үшін аз мөлшерде төлем ақы алынады", - дейді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Сандық бөлімшеде бар-жоғы екі қызметкер қызмет көрсетеді, олар келушілерге техникамен жұмыс жасауды үйретеді. Салыстырма үшін айта кетейік, стандартты пошталық бөлімшеде 20-дан астам адам қызмет етеді.

Ескеретін жайт, сандық кеңсені ашу үшін үлкен көлемде қаржы қажет болмады: акционерлік қоғам басшылығы қымбат техниканы алмаған, оларды серіктестер ұсынған. "Қазпошта" тек қызмет көрсету үшін ғана ақы төлейді.

Барлығы Қазақстанда осындай 8 бөлімше ашу жоспарлануда. Олардың екеуі Астана мен Алматыда жұмыс істейді. Қарағандылық кеңсе үшіншісі.

Кездесу соңында аймақ басшысы қарағандылықтар кезектерде тұрмай, қажетті қызметті жылдам алу үшін жаңа бөлімшенің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын кең көлемде насихаттауды тапсырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу