Қазақстан ресейлік авиаотын мен керосинді импорттауға бір айға тыйым салды

416

Қазақстан темір жолы 14 маусым мен 14 шілде аралығында ресейлік авиаотын мен керосинді тасымалдауға тыйым салды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қазақстан ресейлік авиаотын мен керосинді импорттауға бір айға тыйым салды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) Ресей темір жолдарының (РЖД) барлық станцияларынан Қазақстанның барлық станцияларына керосин мен авиаотынды тасымалдауға бір айлық конвенциялық тыйым салды, деп хабарланды ТМД—ға мүше елдердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің дирекциясы (ТКЖК) факсограммасында. 

Тыйым 8 маусымдағы ҚТЖ өтініші бойынша енгізілетіні атап өтілді. Басқа мәліметтер келтірілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу