Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе лицензиясын тапсырды

403

6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе лицензиясын тапсырды Фото: Альтера Инвест

ҚР Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ жыл басынан бері 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.   

Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты. 

Қазіргі кезде екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  

"Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресуде. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар, олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі", – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу