Экономиканың мұнайға тәуелділігі сақталуда - ҚР Ұлттық банкі

2106

Экономиканың мұнайға тәуелділігі сақталуда - ҚР Ұлттық банкі

"Қазақстанда экономиканың мұнайға жоғары тәуелділігі сақталуда", - деп атап өтті Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2015-2017 ж.ж. есебін таныстыру кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің қаржы және нақты активтерді кешенді бағалау басқармасының басшысы Айжан Үсенова.

"Мысалы, теңгенің белгіленген айырбастау бағамы кезінде бір баррель үшін бағаның 10 долларға түсуі орташа алғанда экспорттық кірістердің жылына 9,0 млрд АҚШ долларына төмендеуіне әсер ете алды".

Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері 2015 жылдың сыртқы күйзелістері терең және қолайсыз болғанын атап өтті. Ұлттық валютаның нақты бағамы сол кезде тұрақты болған емес және мұнай бағасына тәуелді болды. Бұл ретте, асыра бағаланған теңге елдің валютамен кірістерінің төмендеуі аясында тұтынуды және импорттың өсуін көтермеледі.

"Рубльдің нақты айырбастау бағамы тұтыну қоржындарының негізінде қазақстандық тауар құнының қымбаттауына әкелді, бұл импортты арттыра түсті. Қазақстандық еңбек ресейлік еңбекке қарағанда асыра бағаланған, бұл да отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін азайтты", - деді Айжан Үсенова.

Қалыпқа келу белгілері 2016 жылдан бастап біліне бастады. Атап айтқанда, сауда –саттық жүргізуші секторлардың үлесі өсті. Бұл ретте, экономика құрылымындағы олардың үлесінің аз болғанын ескеру қажет. Оң факторлардың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін және қайта өңдеу, негізінен металлургия өнеркәсібі өнімдерін сату жақсарғанын атап өтуге болады.

"ІЖӨ-нің өсуіне сонымен бірге, 2016 жылы импортты тұтынуды қысқарту және 2017 жылы экспортты ұлғайту оң әсерін тигізді", - деп атап өтті Қазақстанның Ұлттық банкінде.

Тағы да бір жағымсыз фактор 2015 жылы іс жүзінде жұмыспен қамтылудың қысқаруы болды, ол теңгенің белгіленген айырбастау бағамы себебінен оған икемделу мүмкіндігінің болмауы салдарынан кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі нәтижесінде орын алды.

"2015 жылдың екінші жартысында еркін өзгермелі айырбастау бағамына көшу неғұрлым өткір сыртқы экономикалық теңгерімсіздіктерді жойды, ішкі бағалардың саудаланатын шикізаттық емес сектордың пайдасына ауысуын жылдамдатты. Одан басқа, бұрын белгіленген теңге жағдайында айырбастау бағамын түзетулерден күтулер ұлттық валютаға деген сенімді жоғалтуға әкелді, ал түзетулердің өзі бағамның ұзақ мерзімді құбылмалылығын арттырып, жоғары инфляцияға ықпал етті. Жаңа режимге көшуден кейін АКС сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруіне жауап ретінде теңгенің біркелкі құбылмалылығы икемді баға белгілеудің тура дәлелі болып отыр. Бұл ретте, үш жылдық кезең ішінде АКС түбегейлі өзгерістерге ұшырады: Қазақстанның Ұлттық банкі айырбастау бағамын басқарудан бас тартты және инфляцияны таргеттеуге көшті. Жаңа режимге көшкеннен кейін Ұлттық банк ақша нарығының мөлшерлемелерін бақылау мүмкіндігіне ие болып, оны бақылай бастады", - деді Қазақстан Айжан Үсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу