Қазақстанда қай мамандарға талап жоғары?

1113

Елімізде үш жұмыс іздеушінің екеуіне біліктілік талабы қойылады, деп хабарлайды finprom.kz.

Қазақстанда қай мамандарға талап жоғары?

Адами капитал - ел экономикасы дамуының негізі факторының бірі. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан әлемдегі өзгерістер еңбек нарығына да қатысты болып отыр. 

Төртінші өнеркәсіптік революция кәсіпорындардағы процестерді жедел цифрландыру мен автоматтандыруға ықпал етіп жатыр. 

Цифрландыру саласындағы жоғары сұранысты уақытында қанағаттандыру үшін білікті мамандарды даярлау өте маңызды.

Қазіргі таңда елімізде орта және жоғары білікті жұмыс күшіне сұраныс артып, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарының саны айтарлықтай төмендеп жатыр. 

2020 жылдың қаңтар-қазан аралығында электронды еңбек биржасында 784 мың бос жұмыс орнына байқау жарияланған. Оның 66%-ы біліктілікті талап етеді. 

Қаржы және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау, ақпарат және байланыс сияқты салаларда 10 жұмыс ізденушінің 9-на біліктілік талабы қойылады.  

Мысалы, қаржы, денсаулық саласындағы маманның біліктілігі болмаса, ол еңбек нарығында жұмыс таба алмауы ықтимал. 

Білікті кадрларға сұраныс Қостанай облысында (бос орындардың 80%-ы біліктілікті талап етеді), сондай-ақ Нұр-Сұлтан (79%) және Алматы (77%) қалаларында айтарлықтай жоғары. 

Осылайша, еңбек ресурсын дамыту мемлекеттің басты міндеті болып отыр. 

Осы жылдың қаңтарында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылға арналған 7 негізгі бағытты, оның ішінде бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың маңызды екенін атап өткен. 

Қазақстан адами капиталды дамытуға алғаш рет мән беріп отырған жоқ. 

Мысалы, білім беру саласына бағытталған инвестиция 1 жыл ішінде 42,2%-ға артып, 301,6 миллиард теңге болған. Бұл елдегі күрделі салымдардың жалпы сомасының - 2,4%-ы. 

Сонымен қатар, Қазақстанда цифрландыруды дамыту үшін экономиканың 9 саласын қамтитын жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы жасалды. Атласта мамандықтың 3 тобы бар: 

• Жаңа мамандықтар - әлі ресми түрде тіркелмеген, алайда жақын арада пайда болу ықтималдығы жоғары мамандықтар. 
• Трансформацияланатын мамандықтар - алдағы уақытта айтарлықтай өзгеріске ұшырайтын мамандықтар. 
• Жоғалып бара жатқан мамандықтар – алдағы жылдары еңбек нарығында сұранысқа ие болмайтын мамандықтар. 

Жұмысы бар мамандардың біліктілігін арттырып, кәсіптік бағдарлауды жандандыратын алаңдардың қызметі барған сайын маңызды болып отыр. 

Осындай алаңдардың бірі - "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасындағы үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD). Бюро халықаралық деңгейдегі кәсіптік сертификат беруге маманданған. Мұнда халықаралық деңгейдегі кәсіпқой мамандардың кадр резерві мен пулы қалыптасады. Кейін олар АХҚО-да немесе одан басқа орындарда жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

Қазіргі таңда BCPD-де 5 мыңнан аса адам финтех пен цифрлық экономиканы қоса алғанда 25 түрлі тренинг бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырып жатыр. 

Жалпы бюроның кадр резервінің дерекқорында 12 мыңнан аса маман бар. Олар персоналды басқару, IT, қаржы және аудит және тағы басқа салаларында жұмыс істейді. 

2025 жылға дейін АХҚО-ның кадр резерві 50 мың жоғары білікті кандидатпен толығады. 

Сондай-ақ бюро QWANT жоғары технологиялар мектебінің базасында цифрлық өнімдер мен қызметтер нарығының қазақстандық сегменті үшін кадрлар дайындайды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу