Қазақстандықтар жинақтарын қандай валютада сақтайды?

541

Ұлттық валютадағы салымдар 6 трлн теңгеге жетті. 

Қазақстандықтар жинақтарын қандай валютада сақтайды?

Биылғы жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша теңгенің биржадағы 
бағамы 1 долларға 428,67 теңгені құрады. Осылайша ай басынан бері ұлттық валюта 0,7%-ға нығайды. Ал бұған мұнай бағасының ақырындап өсуі ықпал етті. Яғни ай басынан 21 қазанға дейін Brent сұрыпты "қара алтын" 1,9%-ға қымбаттады, деп хабарлады ranking.kz. 

Жалпы ұлттық валютаға көптеген фактор әсер етеді. Оның негізгісі – мұнай бағасы. 

Мәселен, қыркүйекте шикізат құны 9,6%-ға арзандап, бұл бірден теңге бағамын құбылтты.  

Сыртқа өзгерістерге қарамастан, елімізде жинақтардың көбі теңгемен салынады. Қазақстандықтардың ұлттық  валютаға деген сенімі жыл санап артып келеді. Биылғы жылдың тамызындағы көрсеткіш бойынша банктерге салынған теңгелей салымдар жалпы жинақтардың 59%-ын құрады. Бұл ақшаға шаққанда 6 трлн теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 25,5%-ға жоғары (4,8 трлн теңге немесе жалпы депозиттердің 54,6%-ы). 

Сәйкесінше шетел валютасындағы салымдар үлесі бір жылда 45,4%-дан  41%-ға қысқарған. 

Мұның басты себебі теңгемен салынған депозит мөлшерлемесінің жоғары болуы. Яғни заңды тұлғаларға 7,2%, Жеке тұлғаларға 9,8%, шетел валютасында заңды тұлғаларға 0,7%, ал жеке тұлғаларға 1,4%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу