Коронавирустан көз жұмған әскери қызметшінің медалі оның отбасына табысталды

570

Марқұмның артында бес перзенті қалды.

Коронавирустан көз жұмған әскери қызметшінің медалі оның отбасына табысталды

Ақтау гарнизонында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан аға сержант Жолдасжан Эрешбаевты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 25 наурызынан бастап әскери қызметші коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда болған. Аға сержант өзінің әскери бөлімінде дезинфекциялық топтың құрамында Ақтау қаласының аумағын өңдеумен айналысты. Қауіпсіздік шараларына қарамастан әскери қызметші науқастанып, биылғы жылдың 24 сәуірінде COVID-19-дан қайтыс болды.

Еске алу рәсімі барысында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев Қорғаныс министрінің Жолдасжан Эрешбаевты "Ел қорғаны" медалімен марапаттау туралы бұйрығын оқыды. Әскери қызметшінің марапаты оның жұбайына табысталды. Марқұмның артында бес перзенті қалды.

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, ол қызметте өз ісінің лайықты маманы болған. Достары мен таныстары оны басқаларға жанашыр, қамқор адам ретінде еске алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу